Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Алакөлдегі аллеяны кәуапшылардан аластатуды тапсырды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов кәуап сатушыларды орталық алаңнан шеткері қоюға тапсырма берген. Бірақ бұл бұйрықты орындамағандар да бар

Алакөл аймағындағы кәсіпкерлер шенеуніктердің әділетсіздігіне ұшыраған. Себебі кейбір "дөкей" кәсіпкерлер санитарлық нормаларға пысқырып, рұқсат етілмеген орталық алаңда емін-еркін кәуаптарын сатып отырған жайы бар. Ал "дөкейлердің" бұлайша тайраңдауына қай шенеунік рұқсат беріп отыр?

Былтырдан бері Алакөлдегі арбат жолында көктүтіндетіп кәуап сатып отырған кәсіпкерлердің жолы біраз кесіліп еді. Себебі кәсіпкерлердің бұл ісі шипалы аймақтың экологиясына, "ем алам" деп келген демалушылардың керісінше денсаулығына әсер етіп, облыс әкімі кәуапханаларды арнайы аймаққа көшіруді тапсырған. Бұл ұсыныс кейбір кәсіпкерлерге жақпаса да, амалсыз басқа жерге кете барған. Алайда, шенеуніктердің нәпақасын кәуаптан тауып отырған кіші бизнес өкілдеріне ғана шамалары жеткен сыңайлы.

- Орталық алаңның жаяу жүргіншілер жолында бұрын анықталған бірқатар олқылықтар өз шешімін тауып, санитарлық эпидемиялогиялық номаларға сай болып келе жатыр. Дегенмен жалпы міндетті "түсінбейтіндар" бар екен және біртүрлі көріністің куәсі болдық. Барлық кіші бизнестегілер орталықта кәуап сатудың экологиялық түрде зиян екенін түсініп, орталық аллеядан кетті, ал үлкен демалыс базалары мен қонақ үйлер орталықта "шашлык" сатуға рұқсат алған. Яғни, экология басқармасының басшысы онсыз да "қолы ұзын" бизнесмендерге рұқсат етіп отыр. Бұл қалай болғаны? Мен осымен екінші рет ескертіп отырмын. Бұл сіздер үшін жақсылықпен аяқталмайды, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдіктегі кеңейтілген аппарат отырысында.

Осылайша Үржар ауданының экологиялық бақылау және реттеу жұмыстарына жауапты Семей қалалық экология департаментінің басшысы Мұрат Құсайыновқа кәсіпкерлердің айтар уәжі бар. Демек бұл елде заң барлығына бірдей қолданылмайды деген сөз.

- Кәсіпкерлердің уәжі орынды. Әділетсіздік бар, өйткені Құсайынов өз білгенін істеді, - деген облыс әкімі басқарма басшысының құйтырқы әрекетіне тосқауыл болмақ. - Мұрат Мүбаракұлы, тұжырымды дұрыс жасаңыз, әйтпеген күнде мен тұжырымдаманы өзім жасаймын. Кәсіпкерлердің салы суға кетіп отырғанын білесіз бе? Неге қарапайым адамдарға рұқсат жоқ, ал "біреулерге" болады екен? Ал ол "Заңнан аттап өтуге болады" деп ойлаған Құсайынов дейтін баз біреудің кінәсінен болып шықты. Арнайы құрылымдарға сізбен тікелей жұмыс істеуді өтінемін.

Әкімнің бұлайша кіжінуінің расымен де арты жақсылыққа апармайтын сыңайлы. Енді басқарма басшысы бұл олқылықтан сабақ алмайтын болса, арнайы құрылым, яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қармағына ілінері сөзсіз.


Следующая →