14 таяқша кәуап үшін 2,5 млн теңге төлеуі мүмкін
Семей қаласындағы кәуапханалардың бірінің иесі белгісіз біреудің 14 таяқша кәуап пен төрт қорапша "Чечел" ірімшігін ұрлап кеткенін айтып, полиция қызметіне шағымданған
Оның айтуынша, ұрылар түнгі уақытта дәмханаға кіріп, оны 14 мың теңге шығынға батырған.
Шұғыл іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктінің ізіне түскен. Ол бұрын істі болған Семей қаласының тұрғыны.
Тергеу кезінде күдікті әдейі тонауға түспегенін, тек кәуапхана жанынан өтіп бара жатып исіне елтіп өз-өзін ұстай алмай кеткенін айтқан. Қуырылған ет исі баурап, дәмханаға оп-оңай кіріп, азық-түлікті алып шығып кеткен.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол енді 1000 АЕК (2,5 млн теңге) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.