Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтанның көпірін салып жатқан жұмыскерлер аштық жариялады

Оған жұмыскерлердің тоғыз ай бойы еңбекақы алмауы себеп

Әуежай мен Нұрлы жол вокзалы арасындағы жолды байланыстыру үшін салынып жатқан көпір құрылысының аяқталуына жарты жыл ғана уақыт қалған, деп жазады Астана телеарнасының сайты.

Бірақ қазір құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Жалақыны күте төзімі таусылған жұмыскерлер маусым айында-ақ жұмыс істеуден бас тартқан.

8 тамыз күні 26 адам тіпті ақыларын алмайынша аштық жариялады.

- Жұмыс беруші жұмыскерлерге миллион қарыз, - дейді аумақ шебері Данияр Танашбек. - Нысан құрылысына 180 адам жұмылдырылған. Ал жұмыскерлердің барлығы дерлік өзге өңірлерден жиналып, вахталық әдіспен қызмет етіп жатыр.

"Рязанов атындағы №25 көпір құрылыс отряды" ЖШС бас директоры Тимур Накисов бұл жағдайға байланысты пікір білдірді.

- Әр жұмыскер бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазір барлығын жинап алдым. Есепшілерге тапсырма берілді. Бүгін барынша, ары кетсе ертең бұл сұрақ шешіледі, - деп уәде етті бас директор.


Бас директор бұндай мәселенің туындауына аймақтық басшылардың жауапсыздығын кінәлайды. Қоластындағы көмекшілері еңбекақы рапортын уақтылы өткізбеген немесе жұмыскерлердің барлығын бұл тізімге қоспай кеткен-мыс. Бас директор бұндай олқылыққа жол бергендерді жұмыстан қуған.

Следующая →