Демалыс күндері ШҚО-да екі адам суға батты
Екі қайғылы жағдай да суға түсуге рұқсат етілмеген жағажайда орын алып, екі ер адам да мас болған көрінеді
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Ертіс өзенінің шығанағынан 47 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Куәгерлердің айтуынша, ол шығанақтың ортасына дейін жүзіп барып, кері қайта алмай батып кеткен.
Қазір полиция қызметкерлері өлім себебін және оқиғаның мән-жайын анықтауда.
ШҚО ТЖД қызметкерлері айтқандай, егер ол адам жабдықталған орында суға түскен болса, ол жерде құтқару және медициналық орындар бар болған соң – осындай қайғылы жайттың алдын алуға да болар ма еді...
Ал тағы бір қайғылы жағдай Үржар ауданындағы Алкөл көлінде орын алды. 56 жастағы ер адам тыйым салынған белгі қойылған орында суға шомылған.
Сүңгуірлер бір сағаттың ішінде жағажайдан 30 метр қашықтықтағы 15 метр тереңдіктен батып кеткен азаматтың денесін алып шықты.
Жалпы шомылу маусымы басталғалы ШҚО-да 24 адам суға кеткен екен. Оның 90%-ында адамдар өз өмірлерін қауіпке тігіп, жабдыталмаған орында суға түскен.