Археологтар бір кездері өмір сүрген ең кішкентай маймылды тапты
Бұндай ашылуды АҚШ пен Перу ғалымдары ұсынды. Олардың айтуынша, 18 млн жыл бұрын өмір сүрген маймылдың көлемі қазіргі тышқанмен бірдей болған
Бұл маймыл Амазонка джунглилерінде, өзендердің бірінің жағалауынан табылған, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Зерттеу жұмыстары кезінде археологтар мыңдаған келі құм мен қиыршық тасты қазған.бұған дейін белгісіз болған бұл маймылған Parvimico materdei деген атау берілген.
Ғалымдардың айтуынша, приматтар Африкадан Оңтүстік Америкаға 40 млн жыл бұрын көшкен. Содан кейін оның барлық аймақтарына жайылып, 150 түрін қалыптастырған.