Әкім өртке оранған үйден 11 жастағы қызды алып шықты
Ақыры қайғыға соқтыра жаздаған оқиға Секисовка ауылындағы үйлердің бірінде түн ортасында орын алған
Өрттен зардап шеккендер екеу – 11 жастағы қыз бала мен оның әжесі. Оқиға орнына №23 және №24 өрт сөндіру бөлімшелерінің құтқарушылар жеткен уақытта үйдің қабырғасы, есіктері мен төбе жабындылары түгел өртке оранған. Жер үйдің кіре берісі лапылдап жанып жатқандықтан әжесі немересіне көмекке келе алмай қалған.
Дегенмен Кіші Убинка ауылдық округінің әкімі Сергей Сомов жүгіріп келіп, терезені сындырып, бөлме ішіне енген. Үй ішінде қалған қызды алып шыққан уақытта ол ес-түссіз жатқан көрінеді. Құтқарушылар жасанды дем алдырған соң, қыз есін жиған.
Өрттен зардап шеккендер Өскемен қаласындағы ауруханаға жіберілді. Иіс тиген 11 жастағы қыз бен иіс тиіп, оның үстіне денесінің 30%-ын күйік шалған әжесі жансақтау бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта олардың жағдайы бір қалыпты.
- Өрттің шығуына байланысты екі нұсқа: өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарау, электр құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.