Нигериядағы террорлық шабуылда 65 адам қаза тапты
Жерлеу рәсімі кезінде "Боко Харам" деп аталатын экстремистік ұйым содырлары шабуыл жасаған
Нигерия президенті Мохаммаду Бухаридің бұйрығы бойынша, әскерилер әуеден патрульдеуді бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Сонымен қатар, 10 адамның жарақат алғаны да хабарлануда. Шетелдік басылымдар жазғандай, содырлар шабуылды сенбі күні солтүстік-шығыстағы Борно штатында жасаған.
Қазіргі уақытта лаңкестерді іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Бұған дейін қыркүйекте "Боко Харам" ұйымының шабуылы салдарынан Нигерияның 30 әскери қызметкері қырылған болатын.