Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, дәл қазір арзандатылған бағамен қара отынды сатып алуға болады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Әлеуметтік көмірдің тоннасы 8750 теңгені құрайды, бұл нарықтағыдан 450 теңгеге төмен. Жеткізу құны - 3000-нан 6000 мыңға дейін.
Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы аз қамтылған азаматтар, мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушылары, интернационалист жауынгерлер, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюшылар, зейнеткерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалар, толық емес отбасылар, оралмандар ала алады деп түсіндірді.
Әлеуметтік көмірді алу үшін жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, мекенжайы туралы анықтама, зейнеткерлік куәлік (жасына байланысты зейнеткер), мүгедектікті растайтын анықтама (1 және 2 топтағы мүгедектер), белгіленген үлгі бойынша көмір алуға өтініш.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында үш көмір шахтасы жұмыс істейді: "Қаражыра" АҚ, "Сайқан" ЖШС және "Мадина" ЖШС.