Қазақстанда абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылды
Сертификат qca.kz деп аталады. Олардың айтуынша бұл сертификат интернет-косындының жұмысын жақсартады
Сертификат құрастырушылары сендіргендей, сертификат жеке және есептік деректерді ұрлаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Kcell өз кезегінде ресми сайтында соңғы уақытта дербес және есептік деректерді ұрлау оқиғалары жиілеп кеткендігі туралы ақпарат жариялады. Қазақстандықтардың банк шоттарына да қауіп төніп тұр.
- Қауіпсіздік сертификатын орнату Интернетке шығуға жүзеге асырылатын әрбір құрылғыдан (IOS/Android базасындағы ұялы телефондар мен планшеттер, Windows/MacOS базасындағы дербес компьютерлер мен ноутбуктер) орындалуы тиіс, - делінген хабарламада.