Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО қалалары мен аудандары "Бірге - таза Қазақстан" марафонына белсенді түрде қосылды

Жалпы республикалық экологиялық жобаға Өскемен, Семей және Ұлан ауданы қосылды

Акция осы сенбі, 27 шілде күні сағат 10.00-де басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Іс-шараны Ұлан ауданының тұрғындары қолдауда. Онда жағалау аймақтарын тазалау орындары анықталды: Дубығалы (Окуньки) және Шыбындыкөл көлдері, Төменгі Тайынты бөгеті.

Семейде ТКШ бөлімі қала тұрғындарын Ертіс өзенінің жағалауын тазалау акциясына шақырады.

- Бұл акцияға Семей қаласының барлық тұрғындары белсене қатыса алады, - дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев. - Тұрғындар өздерімен бірге қаптар, керек-жарақтар алуы керек, ал жиналған қоқысты полигонға тастаймыз.

Өскемен қаласы да шетте қалған жоқ. Бұл жерде облыс орталығының аумағын тазалау бойынша қала тұрғындарының 10-нан астам кездесу орны анықталды. Бұл:

  • Шәкәрім даңғылы, 4;

  • Протозанов көшесі, 1;

  • Протозанов көшесі, 69;

  • Астана к-сі, 4;

  • Астана к-сі, 28;

  • Амфитеатр;

  • Комсомол аралы;

  • "Альшемали " СҮ;

  • Астафьев, 161;

  • Интернационал көшесінің басы;

  • Аврора к-сі, 181а;

  • "Алтай " технопаркі;

  • "Светоч" бау-бақша серіктестігі";

  • Гастелло көшесі.

Естеріңізге сала кетейік, "Бірге - таза Қазақстан" экологиялық акциясына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастамашылық етті. Еліміздің барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам адам қатыспақ.

Өскемен қаласындағы анықтама үшін телефондар: 26-89-86, 26-67-07, 8-776-457-47-77.

Следующая →