Донор бол - өмір сыйла
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің жеке құрамы "Донор бол - өмір сыйла" атты акциясы аясында қан тапсырды
Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау - сауапты іс. Осындай сауапты іске бір кісідей атсалысқан тергеу изоляторының қызметкерлері қайырымдылық шаралардан еш қалған жоқ.
- 40-тан астам қызметкер донор болуға ынта білдірді, - дейді ОВ-156/1 мекемесінің қызметкері Нұржан Тастанбеков. - Қан тапсырмас бұрын донор алдымен, медициналық тексеруден өтеді. Дәрігерлердің айтуынша, қан тапсыратын адам майлы тағамдар мен ет-сүт өнімдерінен бас тартуы қажет. Керісінше, тәтті шай, шырын, газдалған сусын ішкені абзал екен. Мұндай сауапты іске белсене қатысқан донорларымызға айтар алғысымыз шексіз.
Жалпы қан тапсыру сауапты іс әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жасарып, жүрек-қан тамырлары қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады дейді, облыстық қан орталығының маманы.