Акция осы сенбі, 27 шілде күні сағат 10.00-де басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Іс-шараны Ұлан ауданының тұрғындары қолдауда. Онда жағалау аймақтарын тазалау орындары анықталды: Дубығалы (Окуньки) және Шыбындыкөл көлдері, Төменгі Тайынты бөгеті.
Семейде ТКШ бөлімі қала тұрғындарын Ертіс өзенінің жағалауын тазалау акциясына шақырады.
- Бұл акцияға Семей қаласының барлық тұрғындары белсене қатыса алады, - дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев. - Тұрғындар өздерімен бірге қаптар, керек-жарақтар алуы керек, ал жиналған қоқысты полигонға тастаймыз.
Өскемен қаласы да шетте қалған жоқ. Бұл жерде облыс орталығының аумағын тазалау бойынша қала тұрғындарының 10-нан астам кездесу орны анықталды. Бұл:
Естеріңізге сала кетейік, "Бірге - таза Қазақстан" экологиялық акциясына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастамашылық етті. Еліміздің барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам адам қатыспақ.
Өскемен қаласындағы анықтама үшін телефондар: 26-89-86, 26-67-07, 8-776-457-47-77.