Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО полицейлері бір тәулікте 26 мас жүргізушіні тоқтатқан

26 шілдеде бастау алған "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шаралары бойынша атқарылған қарқынды жұмыстардың нәтижесі осы

Жедел алдын алу шаралары кезінде тәртіп сақшылары жол жүру ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударды.

Жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей, жазғы маусымда елде автокөлік жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны артады. Мәселен, "Қауіпсіз жол" шарасының алғашқы күні-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан орын алған бірнеше заңсыздықты анықтаған.

- 90 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылса, 79-ы маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Көлік тізгініне алкогольдік ішімдікке мас күйінде отырған 26 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ көлік жүргізу куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеген 13 адам және көлік жүргізу куәлігі мүлдем жоқ 14 адам назарға ілігіп, апаттық жағдай туғызған 12 тұлға жауапқа тартылды.

Шара 28 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Следующая →