ҚР БҒМ 2019-2020 жылға арналған гранттар мен жеңілдіктер жайлы айтты
Биыл білім беру гранттары арнайы бағдарламалар бойынша тағайындалып, ЖОО-ға түсер абитуриент нақты білім беру бағдарламасын таңдауы керек болады
ҚР БҒМ хабарлағандай, 53 785 грант бөлінген. Ал байқауға 64,5 мың адам қатыспақ ниетте, деп жазады Zakon.kz сайты Bnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
ҚР БҒМ вице-министрі Фатима Жақыпованың айтуынша, жеңілдік алуға құқылы абитуриенттер арасында 521-і жетім балалар, 377-і I және II топ мүгедектері, 15-і жеңілдік жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендер, 872-сі ҚР азаматтығы жоқ қазақтар.
Жақыпова атап өткендей, білім беру бағдарламаларына инженерлік және IT-бағыттар бойынша қызығушылық жоғары. Биыл бұл бағытқа барлық гранттардың 47%-ы бөлінген.