ШҚО экологиялық акцияға қолдау көрсетеді
Алдағы сенбі күні шығысқазақстандықтар Батыс Алтай қорығын қоқыстан тазалайды
20 шілде елімізде Birge - Taza Qazagstan экологиялық қозғалысы басталды. Эстафетаны ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев іске қосты. Оны ұлттық саябақтар, қорықтар мен резерваттар қолдады.
Осы акция аясында шығысқазақстандықтар Риддер қаласындағы "Белая Уба" өзенінің бойын қоқыстан тазартуды жоспарлап отыр. Еріктілер Батыс Алтай қорығы әкімшілік ғимаратының алдында жиналады. Барлық сұрақтар бойынша 8 (72336) 4-09-27 нөміріне хабарласуға болады.
Еске салайық, бүкіл ел бойынша сенбілікке 20 000-нан астам адам қатыспақ. Олар: ұлттық парктер, қорықтар, резерваттар, экологиялық ұйымдар қызметкерлері, белсенділер, волонтерлер, мектеп орманшылықтары және басқалар. Акцияға қатысушылар өзен арнасын, туристік жолдар мен шөлдерді, дала аймақтарын және басқа да табиғи жерлерді тазалайды.
- Экологиялық акция Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді, - деп хабарлайды Батыс Алтай қорығы.