Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Еуропада бұрын соңды болмаған ауа райы өзгерісі байқалуда

Бірқатар Еуропа елдерінде күн қызуы рекодттық нәтижелерге жетуде

Атап айтқанда, көптеген француз қалаларында. Мысалы, Бордо қаласында 41,2 градус ыстық болды.

Бельгияда Цельсий бойынша 38,9 градус ауа температурсы тіркелді, бұл 1947 жылдан бері болмаған көрсеткіш.

Италияда күн қызуының ең жоғары деңгейі сәрсенбі күні бес қалада жарияланды - Флоренция, Турин, Больцано, Брешия және Перудже.

Нидерландыда термометр бағанасы елдің оңтүстігіндегі Цельсий бойынша 38,8-ге дейін көтерілді. Елде қызғылт сары қауіп деңгейі жарияланды.

Соның нәтижесінде Ұлыбритания мен Париждегі пойыздардың қозғалысының іркілістері тіркелді.

Адамдар өзендер мен көлдердің жағасын торуылдауда.

Сейсенбі күні Темзада үш адам із-түзсіз жоғалып кетті, дәл осы көрсеткішті Германиядан да байқауға болады.

- Қазіргі уақытта барлығы біздің бақылауымызда. Алайда біз өте қырағы болуымыз керек, - деп мәлімдеді Франция министрінің Қоршаған орта мәселелері жөніндегі орынбасары Эммаюэль Варгон.

Ол адамдарды "азаматтық жауапкершілік" көрсетуге шақырды.

Жергілікті билік көптеген аудандарда су пайдалануға шектеу қойды, өйткені жер асты және өзен суларының деңгейі күрт төмендеді.

Синоптиктер бейсенбі күні ыстық болады деп ескертеді. Олардың мәліметтері бойынша, Францияның кейбір аудандарында термометр бағанасы Цельсий бойынша 43 градусқа дейін, ал Италияда 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. 

Ұлыбританияның метеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, бейсенбі күні елде 2004 жылдғы күн қызуының рекордын бұзуы мүмкін, яғни температура Цельсий бойынша 38,5 градустан жоғары көтеріледі.

Следующая →