Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Табысы төмен отбасыларға несие беру бағдарламасына қатысу ұсынылды

Өскемен қаласының әкімдігі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға жолдама беру үшін қалалықтардан өтініштер қабылдайды

"Бақытты отбасы" кредит беру бағдарламасына көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

- Әкімдікке барып кезекке тұрған жөн, кейін отбасының жағдайын растайтын жолдама алу қажет. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" кез келген бөлімшесінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы мәлімет алу керек. Немесе үйге кеңесшіні шақыру қажет. Келесі кезекте банкте төлем қабілеттілігін растайтын бағалаудан, тұрғын үйді таңдау және қарыз алу үшін мақұлдаудан өту. Банкке жылжымайтын мүлікті бағалауды және тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет, - деп хабарлады Өскемен әкімдігінде.

Сондай-ақ несие алу үшін төменде келтірілген құжаттар болуы шарт:

  • отбасының жағдайын растайтын әкімдіктен жолдама;

  • кәмелетке толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері;

  • балалардың туу туралы куәліктері;

  • неке қию немесе айырылысу жайлы куәлік;

  • соңғы 6 айдағы табысты растайтын құжаттар (оның ішінде жұбайы немесе зайыбы, қажет болған жағдайда, тең заемшының).


Банк сондай-ақ ҚР заңнамасына, банктің ішкі құжаттарына және бағдарламаның шарттарына сәйкес қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін.


Мекенжайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 37а, №6 кабинет. Өтініштерді дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Следующая →