Ауа райын болжаушылар адамзатқа қауіп төніп тұрғанынын айтты
Климаттық өзгерістер жөніндегі үкіметаралық комиссияның (IPCC) пікірі бойынша, бір жарым жылдан кейін біз табиғаттың түрлі құбылыстарына айтарлықтай жақындаймыз
Ғалымдардың пікірінше, алдағы 18 айда жаһандық климаттық дағдарысқа төтеп беру қиынға түседі.
2018 жылы IPCC ғалымдары орташа температураның Цельсий бойынша 1.5 градустан асырмаудың амалын тапқанын хабарлаған болатын, бұл жоспарды 21 ғасырдың соңына дейін орындау қажет еді.
Апаттың алдын алу үшін көмірқышқыл газының ауадағы мөлшерін 2030 жылға қарай 45% - ға төмендету қажет.
Бүгінгі күні ғалымдар уақыттың тапшылығына байланысты осы жоспарлар орындалмай қалады деп уайымдауда. Ауаның ластануына байланысты 2100 жылға қарай планетадағы орташа температура Цельсий бойынша 3 градусқа өсетін көрінеді.
Қазірдің өзінде жер бетіндегі температураның жоғарылауының салдары айтарлықтай байқалады: Еуропаға күн аномалды ысуының екінші толқыны келді, ал Вашингтондағы ауа температурасы +38 градусқа дейін, Нью-Йоркте - +36 градусқа дейін көтерілді, бұл ауа райы осы аймақтарға тән емес.