Шетелдік азамат ШҚО-ға заңсыз келіп, көлікті айдап кеткен
Ресей Федерациясынан келген 33 жастағы қонақ бірден екі заң бұзушылық жасады
21 шілде күні Өскемен қаласының 56 жастағы тұрғыны оның көлігін белгісіз біреу айдап кеткендігі жайлы полицияға арызданған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ер адам жоғалып кеткен көлгін 1,5 миллион теңгеге бағалаған.
Көлікті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен 33 жастағы ресейлік азаматтан тәркіленді. Көлікті жәбірленушіге қолхатпен қайтарылып берілді.
Өскемен қаласының Полиция басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тәртіп бұзушыны ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлімі "Автокөлікті айдап әкету" және ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлімі "Шекарадан заңсыз өту" бойынша сотқа дейінгі тергеу күтіп тұр.