ШҚО-дағы жолдың бірінде шетел көлігі ағашқа соғылды
Апат 19 шілдеде Өскемен-Риддер автожолының 88 шақырымында Черемшанка және Бутаково ауылдары арасындағы теміржол өткеліне жетпей орын алды
Toyota Matrix автокөлігінің жас жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегінде тұрған ағашқа соғылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қалалық ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен жүргізуші, сондай-ақ автокөлік салонында болған үш жолаушы: екі жас қыз және жігіт келіп түсті.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.