Өскемен
ясно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +11°
$
497.26
-0.63
525.21
+0.09
¥
68.69
-0.04
4.97
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қалада жер алушылар аз

Жер үй салуға бөлінген, инфрақұрылым тартылған жер телімдерін ел алмай отыр. Ал оған су мен жарық, жылу енгізу үшін қыруар қаржы жұмсалған еді

Шығыс Қазақстан облысында былтырдан бастап "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында қала маңынан арнайы жер телімдері бөлініп, бөлек бір ықшам аудан салынып, жер үйлері тұрғызыла бастаған еді. Тұрғызылған жер үйлер де баспана алғысы келген жандарға аталмыш бағдарлама арқылы жеңілдетілген несиемен берілетін. Мұндай ықшам аудандарды тұрғызудағы негізгі мақсат сәулет және құрылыс талаптарын, сондай-ақ, қауіпсіздік шарттарын толық қамтыған зәулім тұрғын аудандарды ұйымдастыру болатын. Содан Өскемен қаласында 28-ші шағын аудан, ал Семейде Ақсай мен Ұшақтар ықшам аудандары салына бастады. Бұған су мен жарық, жылу тарту үшін де қыруар қаржы жұмсалғаны белгілі.

Бірақ үйлері қаз-қатар тәртіппен салынған мұндай аудандарға қоныстанам деушілер аз болып отыр. Семей қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Ақсай ықшам ауданында жер үй салу үшін 1700 жер телімі бөлінген, оның ішінде 1200-і елге берілген. Алайда оның 68-іне ғана үй салынған.

Ал Семей қаласында 24 мыңнан астам азамат жер телімін алуға кезекте тұр. Сонда кезекте тұрған, жер телімін алғысы келетін азаматтар неге үкімет жағдай жасап берген ықшам аудандардан жер алмай отыр? Енді билік өзіне осындай сұрақ қойып отыр.

Ал мұнымен салыстырғанда Өскеменде жағдай тұрақты.

- 20-шы шағын ауданның 554 жер телімінің 80-іне үй салынып, 300-ден астамына баспана тұрғызылып жатыр. Ал Семейде неге жер өтпей тұр? Қаржы жұмсалып кетті, ал нәтиже жоқ. Тұрғындардың неге жер телімдерін алмай отырғанын анықтап, оны тез арада шешу керек, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат отырысында.

Қазіргі таңда Өскеменде 3 мыңнан астам, Риддерде 50-ге жуық, Зайсанда мыңнан аса, Аягөзде 800-ден аса адам жер телімін алуға кезекте тұр. Егер "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы салынған жер үйлер халық арасында сұранысқа ие болса, онда өңірдің басқа қалаларында да үкіметтің өзі жер үйлерді салып, елге тарата бастауы мүмкін.

Следующая →