Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен босатылды
Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында хабарлады
Бауыржан Байбек Тамара Дүйсеноваға алғысын білдіріп, табыс тіледі, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА сайты.
- Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетеді, - деді ол.
Оның айтуынша, бір жарым жыл ішінде ол партияның сайлауалды тұғырнамасы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосты.
Тамара Дүйсенова бұл лауазымда 2018 жылдың ақпан айынан бастап болды, бұған дейін ол Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.