Жол ережесін бұзатындардың арасында жаяу жүргіншілер де көп
Шығыс Қазақстан полицейлері "Автобус, жаяу жүргінші" жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады
Белгілі болғандай, жүргізушілермен бірге жаяу жүргіншілер де жол ережесін жиі бұзатын болып шықты. Жүргізушілер арасында жиі бұзылатын жол ережелеріне белдік тақпау мен рөлде отырып телефон сөйлесу болып отыр.
Шілде айының 3-5 күндері өткізілген жедел алдын алу шаралары барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 350 жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды.
- Оның ішінде 54 жүргізуші қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтың нормасын асырғаны үшін жауапқа тартылса, 17 адам еңбек ету ережесін бұзғаны үшін, 7 жүргізуші транспорт құралына заңсыз жабдық орнатқаны үшін, 7 адам техникалық және медициналық қараудан өтпегені үшін жазаға тартылды, - деп хабарлайды ШҚО ПБ баспасөз қызметі.
Ал жол ережесін бұзған 752 жаяу жүргінші ұсталып жауап тартылған.