Әлемдегі ең бай адам әйелімен ажырасып кетті
Amazon компаниясының басшысы, әлемдегі ең бай адам Джефф Безос әйелімен ажырасты
25 жыл бойы отасқан жұп осы жылдың ақпан айында-ақ ажасамыз деп қауесет таратқан еді, деп хабарлайды МИР24.
Жұбайлар у-шусыз ажырасты, Безос әйеліне ризашылық танытып, өмір бойы қолдап, сүйеніш болғанына алғысын білдірді.
Мал-мүліктің 75%-ы Джефф Безостың қолында қалып, қалғанын әйелінің қолына өтті. Атап айтар болса, Amazon компаниясының 38,3 млрд долларды құрайтын акциясы әйелі Маккензидің иелігінде қалды. Ал ол бұл байлықтың жартысын қайырымдылыққа беруді қалайды.
Джефф Безос екі жыл бойы Forbes тізімінде көш бастаған болатын, далпы дәулеті 131 млрд долларды құрайды.