Өз әйеліне пышақ сұғып алған азамат істі болды
Күйеуін "жалқаусың" деп айыптаған әйел өліп қала жаздады
Өскемен қаласының №2 соты отбасылық жанжалда кім кінәлі екенін анықтады.
Ондаған жыл бірге тұрып жатқан ерлі-зайыптылар ішімдік ішіп отырып, араларында жанжал туған. Әйелі өзінен жасы үлкен күйеуінің отбасын асырау үшін жұмыс істемейтіндігін айтып, ерінің ашуын тудырған. Ақыры күйеуі асхана пышағын сұғып алған.
Қарнына кірген пышақтан әйелдің жан даусы шыққан. Өзінің қызбалыққа салынып, ақымақтық жасағанын сезінген күйеуі дереу алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.
Дереу жеткен дәрігерлер әйелді өлім аузынан арашалап қалды.
Ал іс сот қолына өткенде күйеуі әйелінен кешірім сұрап, жағдайды түзетуге уәде еткен. Ал әйелі қанша жыл отасқан күйеуіне кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінген.
Бірақ сот шешімі бойынша ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылып, жылына 100 сағат түзету жұмыстарын атқаратын болады.