Қарағандыда пара алған шенеунікке ірі көлемде айыппұл салынды
Бұқар жырау аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы 9 млн теңге айыппұл өтейді
Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz сайты.
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметкер атқарылған жұмыстар бойынша және автожолдарды қысқы ұстауға қаржы бөлу бойынша актілерге қол қоюы үшін пара алған.
9 млн теңге айыппұлдан өзге, ол енді мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот айыппұлды төлеу мерзімін бекітті. Егер талап орындалмайтын болса, бас бостандығынан айырылады.