Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Кімнің кредиті кешіріліп, кімдікі кешірілмейді?

Президенттің халықтың кепілсіз тұтынушылық кредиттері бойынша борыштық жүктемесін төмендету туралы бұйрығынан кейін ел арасында "енді не істеу керек, қайда жүгінеміз?" деген заңды сұрақ туындады

Халықтың жекелеген санаттарына кредиттерінің үстемақысы, пайызы және кредиттердің өзі төленбес бұрын Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі бұл санатқа жататын адамдардың тізімін жасайды. Аталмыш тізім 15 шілдеге дейін әзірленіп, айдың соңына дейін жалпы қарыздың сомасы шығарылады. Ал 15 тамызға дейін шағын кредиттік мекемелер мен банктерге төленетін қаражатты мемлекет бюджеттен бөлуді жоспарлап отыр.

Мұндай бастама қарапайым халыққа үлкен көмек болады. Дәл осындай пікірді көпбалалы ана, "Ана мен бала" қоғамының төрайымы Анар Сүлейменова ұстанып отыр.

- Бізге қолдау көрсету мақсатында жыл атаулы әлеуметтік көмекті енгізді. Бұл біз үшін расымен үлкен қолдау болды. Енді міне, несиелерді өтеу және пайыздары мен үстемақысын азайту қолға алынып отыр. Біз бұл жобаға барлық халық ілінбейтінін білеміз. Ішінен расымен көмекке мұқтаждары ғана іріктеліп алынады. Соған қарамастан, бұл бізге жасалып отырған керемет мүмкіндік, - деп атап өтті Анар Сүлейменова.

Сонымен қатар, Анар Сүлейменова жуықта Нұр-Сұлтан қаласына барып, мәжіліс жиынында осы несиеге қатысты өзі дайындап, жүргізген зерттеуі негізінде баяндама жасайды.

- Меніңше, ең бастысы кредитті төлеу, кредиттерді беру қарапайым халыққа да, мемлекетке де еш зиянын тигізбеуі керек. Кредиттерді беру мәселесі бізде өте өзекті. Себебі екінші деңгейлі банктер ақшаны адамның жұмысына, өтей алу мүмкіндігіне қарамай береді де, кейін оған пайыздар қосылып, кредит мүлдем өтелмей қалады. Сондықтан екінші деңгейлі банктер несие берер алдында адамның оны өтеуге шамасы келе ме, жоқ па қарап, тексеруі керек. Сондықтан менің қазір ұсынылып отырған бағдарламамен келіспейтін тұстарым бар. Мен оны Нұр-Сұлтан қаласына барып баяндама жасағанда айқындап көрсетемін, - дейді Анар Сүлейменова.

Кредиттерді өтеу Президенттің Жарлығы бойынша үш бағытты қамтиды. Бірінші бағыты екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде өтеуді көздейді. Берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауға тиіс.

- Ұлттық Банк Үкіметпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін адамдар тізбесін қалыптастыру және олардың берешегінің жалпы мөлшерін анықтау бойынша жұмысты бастап кетті. Үкімет "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-қа (Оператор) республикалық бюджеттен нысаналы қаржы бөлетін болады, - деп хабарлады Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Бұдан әрі Оператор азаматтардың жекелеген санаттарының кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешегін өтеу үшін екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржылық ұйымдармен шарттар жасасады. Өз тарапынан, Ұлттық Банк берешекті өтеу бойынша мәліметтердің қарыз алушылардың кредиттік тарихының дерекқорында көрсетілуіне бақылауды қамтамасыз етеді.

Екінші бағыт Қазақстанның бүкіл азаматтарына кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұл сомаларын есептен шығаруды көздейді.

- Ұлттық Банк банктермен және микроқаржылық ұйымдармен бірлесіп кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салыстырып, тексеру мен тіркеуді жүзеге асырады. Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару бірінші кезекте банктердің және микроқаржылық ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы көлемінен 30%-дан аспайтын сома Ұлттық Банк айқындаған Оператордың қаражаты есебінен өтеледі. Бұл мақсаттар үшін Ұлттық Банк Операторға қажетті қаржы көлемін бөледі, - деп қосты Ұлттық Банкте.

Банктердің және микроқаржылық ұйымдардың айыппұлдар мен өсімпұлдың айтарлықтай бөлігін шығыстар ретінде танып, оларды жүйеден тыс есепке есептен шығарғанын ескере отырып, қаржыландырудың түпкілікті сомасы танылған шығыстардың сомасына азайтылатын болады.

Жалпы кредиті бар адамдар әзірге банкке, микроқаржылық ұйымдарға немесе басқа ұйымдарға “менің кредитіме қандай жеңілдік бар?” деп жүгінудің қажеті жоқ. Банктер және микроқаржылық ұйымдар берешекті өтеу және есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару бойынша бүкіл жұмысты дербес жасайды. Әрбір қарыз алушыны банк/микроқаржылық ұйым жұмыс нәтижелері туралы
хабардар етеді.

Үшінші бағытта қарыз алушыларды қосымша қорғау бойынша реттеушілік сипаттағы шаралар кешені көзделеді. Қаржылық ұйымдарға қатысты қосымша реттеушілік шаралар қабылданады. Біріншіден, мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссия-
лар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу. Бұл азаматтарды берешек сомасының тұрақты өсуінен қорғауға мүмкіндік береді. Екіншіден, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салу енгізіледі. Үшіншіден, барынша сақ тұтынушылық кредиттеу үшін қарыз алушының борыштық жүктемесін есептеуге арналған тәсілдерді жетілдіру сияқты қосалқы шаралар, банктердің меншікті капиталына қойылатын қосымша талаптар көзделеді. Осылайша, қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға нақты көмек көрсетіледі, олардың отбасыларының әл-ауқаты жақсартылады, шамадан тыс кредит алу шектеледі және халықтың кредит алу мен оны өтеу бойынша жауапкершілігін арттыруға жағдайлар жасалады.

Следующая →