Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Шыбын-шіркейден зардап шегіп отырған борандықтардың қуанышында биыл шек жоқ. Себебі қаптаған қара масаны улауға 10 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, мазаларын алатын маса азайып жатыр
- Кеңес одағы ыдырап, еліміз егемендік алғаннан бергі кезеңде бірде-бір рет Ертіс бойында орналасқан ауылдар маңында қансорғыш жәндіктерді жою мақсатында іс-шаралар жүргізілмеген еді. Тек биыл ауданымыздың әкімі Дулат Зайсанбекұлының тікелей араласуымен осы маса-шіркейді жою үшін 10 млн теңге бөлініп, жұмыстар қолға алынды. Алдыңғы жылдары құжынаған масадан ауыл халқы өзінің бау-бақшасына қарауға, үйіндегі сиырын саууға мұршасы келмей қалған еді. Тіпті, масаны мүлде жойып жібермесе де, осы істеліп жатқан жұмыстар аудан әкімінің халыққа деген жанашырлығы, іскерлігі арқасында болып отыр, - деп Мырзабай Марқабаев Боран ауылының халқынының атынан алғысын білдірді.Айта кетейік, өткен жылдың соңында қоғамдық кеңесте Кеңестің мүшесі, "Нұр Отан" партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ануарбек Мұхтарханов та "Жаз келгенде балалар да, ересектер де қуанады. Ауа райы жылынып, күн ұзарады, демек далада қыстың күніне қарағанда ұзағырақ жүруге болады. Алайда кешкі уақыт келіп, күн бата бастағанда, осы ауылдарда нағыз сұмдық басталып, масалары адамға жау-дай төнеді. Ата-аналар жаздың күні балаларын басқа ауылға жіберуге мәжбүр. Ол жерлердегі ылғалдылығы жоғары саз батпақтың орнынан карта сызып беруге болады" деп бұл мәселені облыстық деңгейде көтерген еді.