Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыстағы орман Қытайға жалға берілмейді

Шығыс Қазақстанда ағаш өңдейтін шаруашылықтар мен кәсіпорындар аз, ал шикізатты алуға болатын орман алқабы сол күйі игерілмей жатыр

Қазіргі уақытта шығыс өңірінде ағаш материалдарын дайындайтын 14 жеке меншік шаруашылық бар. Олар коммуналды кәсіпорындармен қосылып, жыл сайын 220 мың текше метр өнім кесіп шығарады. Мемлекет рұқсат беріп отырған жыл сайынғы норма - 1,5 млн текше метр. Ал қалған 1,3 млн текше метр қор сол күйі игерілмеген күйде қалып отыр. Ал ағаш өңдегісі келген кәсіпорындарға жалға алам десе, Өскемен, Риддер, Алтай қалалары маңынан 12 орман алқабы дайын тұр, бірақ пайдаланам деушілер жоқ көрінеді.

Десе де, Алтайдың орманынан жер алып, ағаш өңдегісі келген шетелдіктер болған екен. Былтыр қытайлық бір компаниядан ағаш материалдарын дайындау туралы ұсыныс келіп түскен.

- Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сай, шетелдік тұлғаларға орман алқаптарын ұзақ уақытқа жалға беруге тыйым салынған, тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Қытайлық компания ағаш өнімдерін өңдеуді емес, ағаш материалдарын кесіп-кесіп, еліне әкетуді қалайды. Біздің заңнама бұған рұқсат етпейтіндіктен, қытайлық компанияның бұл ұсынысынан бас тарттық. Бірақ біздің облысымызда зауыт не цех тұрғызып, ағаш өнімдерін толық өңдеп, жиһаз не басқа да бұйымдар жасап, соны экспортқа шығаруға болатындығы жайлы ұсыныс айттық. Өйткені кәсіпорын ашылса, біршама азаматқа жұмыс табылар еді. Алайда бұл ұсыныс та олардың қызығушылығын тудырмаған сияқты. Жарты жыл болды, әлі келіссөз бастаған жоқ, - деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов баспасөз мәслихатында.

Қарағай, самырсын, шырша сынды құнды ағаштарды кесуге болмайды. Ағаш материалдарын тек көктерек, қайың ағаштарын кесіп қана дайындауға болады. Сондықтан терек пен қайың ормандары ғана жалға беріледі.


Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Орман Ағаш өңдеу