Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жағалаулардағы шлагбаумдар бәрібір алынады

Көл жағалауын иемденіп, шлагбаум қойып, оны алмай отырғандар бар. Қанша қасарысса да, олардың шлагбаумдары бәрібір алынып тасталатын болады

Әсіресе, көл жағасында бассыздық құрғандардың көбі Бұқтырмада екен. Олар жағалаудағы жерді жалға алғанын алға тартып, оны қоршап, бөтен біреулерді кіргізбеу үшін шлагбаумдар қойып тастаған. Бұлардың біразы бұзып алынып тасталғанымен, алынбағандары әлі де бар көрінеді.

- Былтыр Сібе көлдерінде рейд шаралары жасалып, көл маңындағы қоршау, шлагбаум атаулының барлығы алынып тасталған болатын. Қазір үшінші көлде де, бесінші көлде де шлагбаум жоқ. Ал Бұқтырмада жағдай біршама қиындау. Себебі жерді алушылар аумақты түгелдей қоршап, адамға да, көлікке де жол бермей отырғандары бар. Олардың кейбірі соттасып та жатыр. Бірақ алдағы уақытта бұл қоршаулардың барлығын алып тастаймыз деп ойлаймын. Қазір жұмыс комиссиясы осы мәселемен айналысып жатыр, - дейді облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Саятұлы.

Айта кеткен жөн, ҚР Су кодексінің 65-бабында жеке және заңды тұлғаларға ортақ су объектілеріне қоршау, күзет пунктерін, тыйым салу белгілерін орнатып, халықтың кіруіне кедергі келтіруге болмайды деп көрсетілген. Шлагбаум-дарды қоғамдық көліктер мен өзге де техникаларды жағаға өткізбеу үшін орнатуға болады, алайда қарапайым тұрғындардың жаяу барып, суға шомылуына кедергі келтірмеуі тиіс. Кәсіпкер тек суға емес, судың жағасындағы жер теліміне ғана ие.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Шлагбаум Бұқтырма