Нұр-Сұлтанда шетелдегі оқу орындарының грантын сатып жүрген алаяқ ұсталды
Ақтөбе қаласының тұрғыны абитуриенттерге шетелдегі жоғары оқу орындарының грантын сатқан
Күдікті 24 жастағы бойжеткен полиция қолына түсті, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Төрт адам осы алаяқтың арбауына іліккен.
- Бойжеткен абитуриенттерге шетелдің жоғары оқу орындарындағы гранттар үшін 700 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақы алған, - деп хабарлайды полиция департаменті.
Осы іске қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсті және сондағы тергеу изоляторына тоғытылды.