Өскеменде №19 орта мектептің су құбыры жарылып кетті
Лев Толстой көшесінің тұрғындары бұл жағдайға алаңдап отыр
Қазір бұл маңда Өскемен Суарналары кәсіпорнының қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жерді қазып, қай жердің құбыры жарылып кеткенін іздестіруде.
- Басында судың қай жерден ағып жатқанын білмедік. Қазір құбырдың қай жерден жарылғанын таптық, енді оны алмастыру жұмыстары жасалуда, - дейді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Нұрқасен Атабаев.
Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, апат орны үлкен емес, уайымдаудың қажеті жоқ. Құбыр жүйесі толықтай бақылауда.