Өскемен
пасмурно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    -2°
$
517.66
+4.11
606.49
+4.40
¥
73.52
+0.58
6.44
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен елорданың туған күні мен Домбыра күнін атап өтеді

Өскеменде екі бірдей мереке – Астана күні мен Домбыра күні аталып өтеді

Облыс орталығында 6 шілде күні сағат 12.00-де Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік ұжымдары шығармашылық концерт қояды.

Ал 18.00-де "Арзан" СҮ-нің автотұрағында - дрэг-рейсингтен қалалық ашық чемпионат, ал Комендантка өзенінің аллеясында концерт, қолөнершілердің көрмесі, жәрмеңке өтеді. Дәл осы уақытта және дәл сондай бағдарлама Республика алаңындағы әуезді субұрқақ жанында да айрықша іс-шаралар легі болады.

Ал Ұлттық Домбыра күні, яғни, 7 шілдеде облыс орталығында тек екі іс-шара ұйымдастырылды. Сағат 11.00-де "Император" сауда кешенінің алаңында викториналық ойындар өтсе, ойыннан кейін белгілі музыкант, домбыра аспабының майталманы, Co-Music музыка мектебінің директоры Арлан Серікұлы өзінің өнерін дүйім жұртқа паш етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әртіс өз тәжірибесімен бөлісіп, жиналған халық үшін шеберлік сабағын өткізеді.

Ал 18.00-де Өскемен тұрғындарын Республика алаңында ерекше бағдарлама күтеді. Мұнда мерекелік концерт, кітап көрмесі және қолөнер көрмесі жоспарланған. Сондай-ақ, тақырыптық баннер және "Домбыра тарихы" фотоаймағы қойылады. Сонымен қатар, спорттық және балалар ойын алаңдары да қарастырылған. Келіңіздер! Мерекеден қапы қалмаңыздар!


Следующая →