Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Шымкентте ауқатты ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт ауыр жазаға кесілді

2019 жылдың ақпанында Шымкент қаласындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі әйелімен бірге қатыгез қылмыскердің қолынан қаза тапқан болатын

Оларды өлтірді деп айыпталған Ерсұлтан Құлахметовтің соты енді аяқталды. Ол ауыр жазаға – 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атышулы оқиға осы жылдың 6 ақпанында Шымкент қаласында болған. Белгісіз біреу үш қабатты коттедждің терезесін бұзып, ішкі кіріп, қос қарияны өлтіріп, үйдегі ақша мен 4 млн теңгенің алтын бұйымдарып алып кеткен. 64 жастағы отағасының басына оқ атып өлтірсе, қарт әжейді пышақтап кеткен.

Үйде қос қариядан басқа 14 жастағы немересі де болған екен. Алайда болған жайттан қатты есеңгіреп қалған қыз полицияға мардымды ештеңе айта алмаған. Ал үйде болып жатқан шуды атасы мен әжесі бір-бірімен ұрысып жатқан шығар деп жорамалдап, қорыққанынан көрпеге тығылып, ұйықтап кеткен.

Сонымен тәртіп сақшылары қатыгез қылмыскерді такси жүргізушісі арқылы тапқан. Үйді тонап шыққан қылмыскер такси шақырып, үйіне сомен жеткен. Ал күдіктінің таксиге отырғандығы жақын маңдағы бейнежазба камераларының біріне түсіп қалған.

Кейін күдіктінің қаза тапқан кәсіпкерлердің бұрында шопыры болғаны белгілі болады. Ол – Ерсұлтан Құлахметов. Қылмысын бірден мойындаған. Оған 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Жаза мерзімін күзеті күшейтілген колонияда өтейді.


Следующая →