Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Ағаштары кесілген аллеяның орнына тұрақжай салынбайды

Назарбаев даңғылы, 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан сауда кешенінің әкімшілігі аллеядағы ағаштардың неліктен кесіліп жатқанын түсіндірді

Саяжолдың ағаштары кесіліп жатқанын айтып тұрғындар наразылық танытқан болатын. Ал бүгін базар әкімшілігі ағаштардың шіри бастағандығын, сондықтан кесіп жатқанын айтып пікір білдірді.

- Саяжолдың ағашын кесіп тастап, тұрақжай саламыз деген ой болған емес. Тек ағаштар құрай бастады. Адамдардың үстіне құлап кетуі де мүмкін. Ондай оқиға болған. Ол кезде ағаш джиптің үстіне құлап кеткен еді, ал ішінде жас отбасы отырған. Саудагерлердің кез келгенінен сұраңыз, айтып береді, - дейді әкімші Сергей.

Мұндай оқиға болды ма әлде болмады, соны саудагерлерден сұрап көрген едік. Алайда ешкім оқиғаны еске түсіре алмады. Ал "аллеяның орнына не болады?" дегенге де "Білмейміз" деп жауап берді.

- Кесілген ағаштардың орнына жаңа көшеттер егіледі, - дейді Сергей.

Ағаштардың кейбірі ғана кесілген, "қалғаны кесіле ме?" деген сауалға әкімші "жағдайға байланысты" деп жауап қатты.

Следующая →