Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Отырардың көне жәдігерлері Өскеменде таныстырылады

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы тарихи қаланың фотоматериалдарының, сондай-ақ археологиялық, нумизматикалық және этнографиялық нысандарының көрмесін ұйымдастырады

Экспозиция 27 маусымда сағат 15.00-де Қасым Қайсенов көшесі, 40 мекенжайында ашылады деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Көрме Отырар қаласының 800 жылдығына орай жоспарланған.

Музей қызметкерлері қонақтарды б.з. ІІІ-VIII ғасырларына жататын ерте ортағасырлық археологиялық және құжаттық материалдар, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы қала өмірінің гүлдену кезеңін сипаттайтын ІХ-ХІІ ғғ. тарихи жәдігерлермен таныстырады.

Отырарды Тимуридтер мен қазақ хандарының билеген кезеңінен сыр шертетін мұражай-қорықтың қорынан алынған бірегей экспонаттар мен фотоматериалдар көрсетіледі. Сондай-ақ, моңғол шапқыншылығы жайлы мәліметтер баяндалмақ.

Музейдің ақпараты бойынша, іс-шара тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында өткізіледі. Өйткені, Отырар ‒ Қазақстанның ең көне және ұлттық маңызы бар шаһарларының бірі. Бұл қала Қытай, Үндістан, Византия арасындағы байланыстырушы буын болды, мұнда ғылым мен мәдениет, сауда мен өнеркәсіп, егіншілік және мал шаруашылығы өркендеді. Оған қоса, Отырар Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері.

Көрме 27 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Следующая →