Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

27 маусымға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен күні БАҚ назарына іліккен саясат, экономика салаларында орын алған маңызды оқиғаларға шолу жасады

Ғалымдар Байкалдағы балықтардың қырылу себебін айтты

Маусым айының ортасында Байкал бұқашығының 500-ге жуық түрі, сондай-ақ гаммарус шаянының құрып кеткендігі туралы белгілі болды. Сараптама нәтижесінде олардың жойылуына паразиттердің әсер еткендігі анықталды, делінген Иркутск облысаралық ветеринариялық зертханасының сайтында.

Мамандар судың және су түбіндегі шөгінділер мен балық сынамаларын алған. Лабораториялық зерттеулер олардың ассоциативті инвазиямен яғни паразиттермен зақымданғанын анықтады. Дәл осы фактор балықтарға теріс әсерін тигізген.

Солтүстік Байкал ауданаралық табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Алексей Барсуков айтқандай, экологтар қол жеткізілген нәтижелерге тоқтамай, мәселені зерттеуді жалғастырады.

- Зерттеу материалдарына талдау жүргізу, мұнай өнімдерінің, зиянды заттардың бар-жоғы туралы қорытынды жасау үшін Ресей табиғатын қадағалау органдарына жіберілетін болады, - деп хабарлайды ТАСС.

Бұрын белгілі болғандай, Байкал көліндегі су бактериялардың жоғары концентрациясына байланысты ішуге қауіпті деп танылған.


Ғалымдар тіс тінін өсіруді үйренді


Ресейлік және жапондық ғалымдар тапқан жасушалар адамдағы тіс тінінің пайда болуына септігін тигізеді және ол болашақта пациенттерге қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости сайты.

Зерттеу жұмысына РЕСЕЙ және жапон әріптестерімен ынтымақтастықта биомедицина ДВФУ мектебінің фундаменталдық медицина Департаментінің гистолог-ғалымдары мен стоматологтары қатысқан. Зерттеулер туралы мақала International Journal of Applied and Fundamental Research-да жарияланды.

ДВФУ ғалымдары адамның пренатальды тіндерін пайдалана отырып, тіс салу кезінде эмбрионның ауыз қуысының ерте даму кезеңін зерттеді. Олар тіс ұрықтарының бірі ‒ эмаль тіс органын қалыптастыруға қатысатын жасушалардың бірі екенін анықтады. Олардың арасында эмбрионның қалыптасуының алғашқы апталарында адам тістерінің дамуына жауап беретін хромофобтық жасушалар болатынын байқаған. Алынған мәліметтер стоматология мен гастроэнтерологиядағы терапияның биоинженерлік әдістерін дамыту үшін негіз бола алады, - делінген хабарламада.

ДВФУ ШБМ клеткалық және молекулалық нейробиология зертханасының аға ғылыми қызметкері Иван Рева тістерді өсіру үшін тек дің жасушаларын ғана пайдалану талпыныстары табысты емес екенін айтты: алынған үлгілерде эмаль жоқ. 

- Тіндік инженерия және регенеративті медицина технологияларын әзірлеу кезінде біз сәйкестендірген жасушалар сапалы стоматологиялық емдеудің принципті жаңа сатысына шығу үшін жетіспейтін буын болуы мүмкін. Адамның тістеріне толығымен ұқсас имплантанттар титаннан гөрі жақсы болады және оларды пайдалану мерзімі ұзақ болуы мүмкін, - деді ғалым.

Оның айтуынша, табысты эксперимент үшін әлі тістің даму процесіндегі жасушааралық сигналдық өзара іс-қимыл туралы мәлімет жетіспейді.

Ірі хромофобты жасушалар эмбрион тістері түзілген жерде ғана емес, ауыз қуысының эпителийі дамып келе жатқан ас қорыту түтігінің эпителийіне өтетін жерде де бар. Бұл жаңа биоинженерлік тәсіл гастроэнтерологияда трансплантация үшін органдарды өсіруге мүмкіндік береді дегенді білдіреді.


"Сіздің шаруаңыз емес" ‒ Трамп Путинмен кездесу туралы


Америкалық көшбасшы Ресеймен кездесу тақырыбы туралы журналистердің сұрағына қатаң жауап беріп, бұл "олардың шаруасы емес" деп жауап берді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Осакадағы G20 саммитінің алаңында ресейлік көшбасшы Владимир Путинмен "өте жақсы әңгіме" күтіп тұрғанын мәлімдеді.

- Өте жақсы әңгіме болады, - деді Трамп Ресей Президентімен алдағы диалог туралы.

Менің оған не айтатыным - сіздің шаруаңыз емес, - деп жауап берді америкалық көшбасшы журналистердің АҚШ-тағы сайлауға Мәскеудің араласуы талқылана ма деген сұрағына.

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Путин мен Трамп 28 маусым күні Осака қаласында G20 саммиті аясында жеке кездесу өткізетінін айтқан еді. Путиннің көмекшісінің айтуынша, қос мемлекет басшылары келіссөздердің күн тәртібін өздері анықтайды.


Венесуэла Президенті  оны біреу өлтірмек болғанын мәлімдеді


Президент Николас Мадуроның қарсыластары оны өлтіру үшін шетел азаматтарын жалдаған. Венесуэлада мемлекеттік төңкерістің кезекті талпыныстарының беті қайтарылды. Бұл туралы елдің байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес баяндады, деп хабарлайды ТАСС сәрсенбі, 26 маусымда.

- Бізде төңкерісті жүзеге асыру мақсатында қару-жарақ пен ақшаны беріп жатқандағы бейнежазба бар, - деп мәлімдеді ол баспасөз конференциясында.

Родригестің айтуынша, қастандық жасаушылардың жоспары ‒ қарумен Каракастағы әскери әуежайды басып алу, одан соң 2009 жылы сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталған бұрынғы Қорғаныс министрі Рауль Бадуэльді тұтқыннан босату және оны Венесуэла президенті деп жариялау.

Родригес Венесуэла президентінің қарсыластары мемлекет басшысы Николас Мадуроны өлтіру үшін шетелдік азаматтарды жалдаған.

Үш жауынгерлік топ – Сукре, Ландер және Улисес топтары болғаны анық. Сукре тобының мақсаты Президент Мадуроны басып алу және өлтіру болды, ‒ деді ол.

Родригестің сөзінше Мадуроның қарсыластары осы мақсат үшін  "израильдік, американдық және колумбиялық террористерді" жалдаған.

Қазіргі президенттен бөлек, олар Конституциялық Ассамблеясының Төрағасы Диосдадо Кабельо мен Барлау қызметінің басшысы Густаво Гонсалес Лопесті өлтіруді, сондай-ақ Венесуэла ІІМ басшысы Нестор Реверольді ұрлап, Мирафлорес президенттік сарайын басып алуды мақсат тұтқан. 

Бұған дейін қаңтар айында Венесуэла Ұлттық гвардиясы әскери қызметшілерінің тобы Николас Мадуроға қарсы қарулы шеруді ұйымдастыруға тырысқан еді. Көп ұзамай билік "зорлық-зомбылық жасауға және халықты үрейлендіруге" жиналған "Отанын сатушылар мен басқыншылардың шағын тобын" тұтқындағанын жариялады.

Ал сәуір айында Венесуэланың уақытша президенті Хуан Гуайдо мемлекет басшысы Николас Мадуроның сенімсіз деп санаған әскери бөлігінің оның жағына көшкені туралы жариялады.

Следующая →