Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі кондукторлар жеңілдіктер туралы заңды білмейді

Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылар жұмысшы тобының мүшелері осындай шешімге келді

Ресми түрде мүгедектік мәртебесін алған адамдарға елімізде көптеген жеңілдіктер бар, солардың бірі - қоғамдық көлікте тегін жүру, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қазақстанның заңнамасы 1 және 2-топтағы зағип жандардың және оларды алып жүретін жандарға артықшылықтар қамтамасыз етеді. Бірақ көбінесе облыс орталығының автобустарында жүргізушілер мұндай жандардан ақы талап ететін жағдайларды жиі байқаймыз. Жұмысшы сарапшы тобының мүшесі Елена Баус бұл жағдайды өз көзімен көрді.

- Мен автобуста келе жатқанда, бір аялдамадан автобусқа мүгедек жанды ерткен адам кірді. Бірақ олар көліктен түсуге мәжбүр болды, - деді Елена Анатольевна. - Неге екенін білесіздер ме? Өйткені, кондуктор мүгедек жанның көмекшісін тегін тасымалдаудан бас тартты. Олар оны қайдан алды? Бұл заңда жоқ!

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мұстафин бұл мәселе тасымалдаушылардың өзінде екенін атап өтті. Жергілікті атқарушы органдар көліктік компанияларға өтемақы төлеуі тиіс, яғни, олар мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың көмекшілерін тасымалдауға кеткен шығынды өтеп беруі керек. Алайда кейбір кәсіпкерлер бұл шығынды өз мойындарына алады. Сарапшылар тобының мүшелері алдағы уақытта жәрдемақы туралы ескертпелер жасап, оларды автобустарда орналастыруды ұсынды.

- Бүгін біз жергілікті атқарушы органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты заңды сақтауға байланысты ереже шығару туралы хат жолдаймыз, - деді Ернар Рысқазыұлы.





Следующая →