Автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
Өткен аптада Қабанбай батыр көшесінде жолаушылар мінген автобус жеңіл көлікпен соқытығысқан
Полиция қызметкерлері анықтағандай, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісі кінәлі. Қабанбай батыр көшесімен келе жатқан Scania автобусы ара қашықтықты сақтамай, сол сәтте жол жиегіне тоқтаған Skoda маркалы жеңіл көлікті соғып кеткен. Соққыдан жеңіл көлік қарсы жолаққа өтіп кетіп, "Газельге" соғылған. Нәтижесіде жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
- Жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты ҚР ӘҚК 610-бабы бойынша хаттама толтырылды, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Енді автобус жүргізушісіне 30 АЕК (50500 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.