Қылмыстың қайталанбауын қадағалауда
Пробация қызметтерінің есебінде тұрған азаматтардың қайта құқықбұзушылық әрекеттерге баруының алдын алу мақсатында "Шартты түрде" атты республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізілуде
ҚР ІІМ бұйрығымен бекітілген 2019 жылға арналған операциялық жоспардың 86-тармағын орындау үшін және пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №2 пробация қызметі 2019 жылдың маусым айының 17-23 аралығында "Шартты түрде" РПІШ өткізуде.
- Барлық бас бостандығынан айырусыз жазаларға сотталғандардың тарапынан болған құқықбұзушылық және қылмыстың қайталанбауын, оның ішінде шетелге шығу, хабардар етпей ел ішінде орнын ауыстыру, әкімшілік құқықбұзушылық жасалғанын уақтылы анықтау үшін "Web-интерфейс" дерек базасы, әкімшілік құқықбұзышылық деректер базасы, "Бүркіт мемлекеттік органдар" деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексерілуде. "Шартты түрде" атты республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жарма АПБ Шар қалалық ПБ-мен бірлесіп арнайы жоспар құрылған, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті Жарма аудандық №2 пробация қызметінің испекторы әділет аға лейтенанты Ролан Сарсекенов.