Еңбек министрлігі бала күтімене берілетін жәрдемақының қысқарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Жәрдемақы алушының жұмысқа шығуы жағдайында бала күтіміне берілетін жәрдемақылардың азайғаны туралы ақпарат қате
Мәжіліс "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" жаңа заң жобасын қарастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Осы заң нормаларының бірінде, егер жәрдемақы алушы жұмысқа қайта оралуға шешім қабылдаса, бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы азайтылатыны айтылған. Дегенмен, бұл ереже Мәжілістегі бірінші оқылымда депутаттардың ұсынысы бойынша заң жобасынан алынып тасталды.
Бұл қоғамдық пікірді ескере отырып және ана мен баланы қолдау жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес жасалды.