Ерекше қажеттілігі барлар үшін 7000 арнайы құрал сатып алынады
Оңалту бойынша жаңа техникалық құралдарды мекенжай бойынша қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдері таратады
Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы ерекеше қажеттілігі бар адамдар үшін 7000 арнайы құралдар сатып алынады. Оның 1104-і тефлотехникалық, 980-і сурдотехникалық, 4444 протезно-ортопедиялық және 855-і арнайы қозғалу құралдары.
- "Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы аясында Басқарма ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесулер өткізуде. Олар жеткізілген тауарлардың техникалық сипатын бағалап, өз ұсыныстарын білдіреді. Егер қандай да бір сәйкессіздік анықталса, тауар кері қайтарылады, - деп хабарлады облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы.