Облыстық ауруханада көмек көрсетудің үшдеңгейлі жүйесі енгізіледі
Ауруханада жоспарлы және жедел пациенттерді бөлетін "3H-жүйесі" іске қосылады
Протозанов көшесі бойында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бірінші қабатындағы қабылдау бөліміне "3H-жүйесі" енгізіледі. Ол ауруханаға келген науқастарды деңгей бойынша бөлуге көмектеседі.
Яғни, ауруханада 3Н аймақтары пайда болады: күтуге, қаралуға, жедел және функционалды көмек көрсету, зертханалық сынақтар. Әр аймақ арнайы түстермен боялған бөлмелерден тұрады.
- Аса ауыр науқастарға бұданда жылдам көмек көрсете аламыз, - дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Жайық Жұмаханов. - Мәселен, инфаркт кезіндегі "алтын сағат" – 12 сағат. Егер осы уақыт аралығында науқасқа кардиологиялық көмек көрсете алсақ, адамды құтқара аламыз.
Уақыт жоғалтпау үшін дәрігер жедел жәрдем көлігінде отырып-ақ науқастың жағдайы бойынша хабарлама жібере алады. Хабарлама медқызметкердің мониторына келіп түседі. Пациент жеткен уақытта оны қабылдайтын бөлімше дайын тұрады. Қазір жоба сараптамадан өтіп жатыр. Оны жүзеге асыру үшін 166 млн теңге керек.
- Ақша мәселе емесе. Жоба бойынша құжаттар дайын болған сәтте облыс әкімімен жұмыс жүргізе бастаймыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.