Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек

Өскеменде медицина қызметкерлері күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын спартакиада өтті

Өз кәсіби мерекелері қарсаңында қаладағы емханалардың дәрігер, медбике, фельдшер, санитарлары мен медицина саласының басқа да қызметкерлері өзгені емдеумен ғана шектелмей, өз саулықтарын да қалай сақтау керектігін көрсетті. Бұл спартакиаданың ұраны - "Дені сау дәрігер – дені сау пациент". Қаладағы медицина ұйымдарынан құралған 16 команда 5 спорт түрі бойынша күш сынасты – шағын футбол, арқан тартысу, жеңіл атлетика эстафетасы, шахмат және тоғыз құмалақ.

- Жыл сайын Дәрігерлер күні қарсаңында әркімнің салауатты өмір салтын ұстануы қажеттіг кқрсеткіміз келеді. Өйткені дәрігерлер өзгелерге үлгі болуы керек, - дейді медицина қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Михаил Айзенберг.

Қаладағы медицина мекемелерінің алты бірдей бас дәрігері командаларына қолдау білдіру үшін жарыс алаңына келген.

- Біз белсенді демалысты жақсы көреміз. Ауруханамызда дәрігерлер үшін арнайы жабдықталған спорт залы бар. Қалаған қызметкер жұмыстан кейін қалып, жаттығу жасай алады, - дейді Защита темір жолы ауруханасының бас дәрігері Наталья Глуходедова.

Қызметкерлер де білек күшін көрсетіп қоймай, өнерлерін де ортаға салды. Әр команда ерекше таныстыру дайындап әкелген, оны да әділқазылар есепке алды.

Спартакиада нәтижесінде өткен жылы жеңімпаз болған Ана мен бала орталығының ұжымы ауыспалы кубокті бұл жолы облыстық ауруханаға табыстады да, өздері 2-орынды қанағат тұтті. Ал 3-орын Жедел медициналық көмек стансасына бұйырды.



Следующая →