Ұлыбританияда мыстандарға арналған түрме сатылымға қойылды
Кезінде дуагерлік жасағандарды қамауға алатын түрме бүгінде жайлы үйге айналған
Иелері бұл ғимаратты үшінші рет сатылымға шығарып отыр, деп хабарлайды Новости РАА сайты. Үй құны – 250 мың еуро.
Үйді сатуға шатыр астындағы елестердің ойраны себеп болған. Үй иесінің айтуынша, үй ішінде ғайыптан қан тамшылары пайда болып, үй ішіндегілерге елестер тап береді.
Эссекстегі мыстандарға арналған бұрынғы түрме Англиядағы ең көп баратын ғимараттардың бірі.
Түрме қабырғасында кезінде осында тоғытылған мыстандардың есімі жазылған мемориалды тақта да бар.