Сүт өндірушілер биыл мемлекеттік қолдаудан қағылып отыр
Өңірде өндірілетін сүт көлемі көбейіп келеді, алайда бұл салаға қаржыландыру жетіспей жатыр
Кеше Өскеменде сүт қауіпсіздігіне қатысты аймақтық конференция өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE. Осы отырыста сүт өндірісінің мәселелері талқыланып, ең үлкен пробемасы айтылды. Ол – сүт өңдеуге үкіметтен қолдаудың болмауы.
- Бүгінгі уақытта облыста сүттің көлемі көбейді, алайда оны өңдеу үшін мемлекеттен берілетін қолдау жоқтың қасы. Мәселен, 2019 жылы 824 млн теңге бөлінген, оның 513 миллионы 2018 жылғы қарыздарды жабуға жұмсалды. Ал қалған 310 млн теңгесі биыл жарты жылдың ішінде төленіп қойды. Ал 10 сәуірден бері сүт шаруашылығын өндіруді арзандатуға берілетін қаржы күр тоқтап қалды, тіпті, Qoldau ақпараттық жүйесіне де өтініш бере алмай отыр, - делінген облыстағы сүт өндірумен айналысатын зауыттарды бірі баяндамасында.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сүт өндірушілер биыл мемлекеттік қолдау шараларынан мүлдем қол үзіп қалған екен. Конференцияға қатысушылар енді облыс әкімі Даниал Ахметовке жүгініп, субсидияға қосымша қаржы бөліп көруін өтінбек.