Ана мен бала орталығында ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда
Ғимараттың бір бөлігі әктеліп, ақталып жатса, екінші бір бөлігі жұмыс істеп тұр
Соған байланысты Ана мен бала орталығының кеңес беруші бөлімі педиатриялық блоктың бірінші қабатына, ауруларды қабылдайтын бөлме жаққа орналастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Алайда бұл өзгерістердің ешқайсысы орталықтың жұмысына кедергі келтірмейді.
- Орталық бұрынша жұмыс жасап тұр. Койкалар жеткілікті, балалар далада қалмайды. Тек ауруханаға түскендер Өтепова көшесі, 37-үйге апарып жатқызылатын болады, - деп хабарлайды Ана мен бала орталығы.
Ақтау жұмыстары қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.