ШҚО тұрғындарына тегін заңгер көмегі ұсынылады
12 маусымда облыс орталығында "Халықтық заңгер" құқықтық акциясы өтеді
Акцияға ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес департаменті қатысады. Оған білікті заңгерлерден кеңес алғысы келген кез келген тұрғын келе алады.
Бұл күні қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, тұрғын ү, мұрагерлік, жер, келісімшарт құқығы саласының мамандары мен адвокаттар, заңгерлер халыққа тегін көмек көрсететін болады.
Кездесу 14.30-дан 17.30-ға дейін Қазақстан көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өтеді.
Тақырыптар:
Бесплатная юридическая помощь Акция "Народный юрист" Юристы в ВКО Департамент АДГСПК по ВКО