Қазақстан президентінің инаугурациясы 12 маусым күні өтеді
Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жария етті, ал президенттің ант қабылдау салтанаты 12 маусым күніне қойып отыр
Бұл жайында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен хабарлады. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлауда жеңді деп ресми түрде мәлімдеді.
- Тоқаев сайлаушылардың 70,96%-ын жинады, - деді Ләззат Сүлеймен.
Екінші орында оппозиция өкілі Әміржан Қосанов алды – 16,23%. Одан кейін Жамбыл Ахметов – 1,82%.
Сөз соңында сайлау комиссиясы ҚР Президенті Тоқаев деп жариялады.
Тақырыптар:
Инаугурация избранного Президента Казахстана Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев Центральная избирательная комиссия РК