Семейде жоғалған зейнеткер табылды
Лилия Пинжина үйіне аман-есен келгені белгілі болды
LIDER.KZ еріктілері хабарлағандай, 78 жастағы Лилия Пинжина туыстарына қайтып оралды.
Зейнеткерді туыстары 6 маусымнан бастап іздеген. Бүгін ол үйіне аман-есен оралды. Осы уақытқа дейін ол Өскемендегі тұрғылықты мекенжайы және құжаттары жоқ азаматтарға арналған қабылдаушы-бөлімшеде болған.
Лидия Федоровна ара-тұра есін жғалтып алатын көрінеді. Сол себепті бөлімшеге қалай келгенін айта алмады.